Көлгінов: Құрылысы ұзаққа созылған нысандардағы жұмыс кезегімен жанданып жатыр

Сурет: Александр Куприенко
Нұр-Сұлтан қаласының әкімі Алтай Көлгінов сақалды құрылыстар қашан аяқталатынын айтты, деп хабарлайды Zakon.kz.
Құрылысы ұзаққа созылған нысандар кезек бойынша жанданып жатыр. Тоқтап тұрған тұрғын үй кешендерін аяқтау бойынша ауқымды жұмыс жүруде. 150 көппәтерлі тұрғын үй кешенінің 90-ы аяқталды. Қалған 60 нысанды биыл және келесі жылы аяқтауды жоспарлап отырмыз. Бүгін қаланы аралау барысында «Royal Expo» тұрғын үй кешенінің құрылыс барысымен таныстым, деп жазды қала әкімі Instagram -да.

Сурет: Александр Куприенко

Ол құрылысы ұзаққа созылған бұл нысанда 300-ден астам үлескер отбасы бар екенін айтады. Олардың бәрі жылдар бойы баспаналарын күтіп келеді.

Сурет: Александр Куприенко

Бұл нысанды аяқтау үшін инвестор жұмылдырылғаны атап өтіледі.

Сурет: Александр Куприенко

Витраждарын, терезелерін орнату, ішкі желілерді жүргізу жұмыстары жүріп жатыр, бір жерінде жабынын төсеу, сол сияқты монолитті жұмыстар және т.б. Тұрғын үй кешенін биыл аяқтау жоспарланып отыр.

Сурет: Александр Куприенко

Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша 16 мың үлескердің 13 мыңының проблемасы шешілді. Дегенмен әлі де 3 мың үлескер отбасы бар. Олардың үлестік құрылыс нысандары бойынша қадамдық іс-шара жоспары бар, деп сөзін түйіндейді Көлгінов.
Нұр-Сұлтан
Кульгинов Алтай

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Мемлекет басшысы Ербол Хамитовты III дәрежелі "Барыс" орденімен марапаттады

Мемлекет басшысы Ресей Премьер-министрі Михаил Мишустинді қабылдады

Димаш Құдайберген маңызды үндеу жасады

Дабылды ескерту: Қазақстанда найзағай мен дауыл күтілуде

Қасым-Жомарт Тоқаев: Жаңа Конституция – әр азаматқа тең мүмкіндік пен стратегиялық даму кепілі