Қызылорда облысында бірқатар кадрлық өзгеріс орын алды

Қазақстанның бұрынғы экология, геология және табиғи ресурстар вице-министрі Серік Қожаниязов өңір басшысының бірінші орынбасары болды. Шығыс Қазақстан облысы Жарма ауданының экс-әкімі Нұрымбет Сақтағанов та Қызылорда облысы әкімінің орынбасары болып тағайындалды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Кадрлық тағайындау туралы ақпарат аймақ әкімдігінің Facebook-тегі ресми парақшасында жарияланды.

ҚР Президенті Әкімшілігінің келісімі бойынша облыс әкімінің өкімімен облыс әкімінің бірінші орынбасары лауазымына Серік Қожаниязов тағайындалды.Ол облыстық ауылшаруашылық және жер, ветеринария, табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу, кәсіпкерлік және өнеркәсіп, жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармаларына, «Байқоңыр» әлеуметтік кәсіпкерлік корпорациясына жетекшілік жасайды. Сонымен қатар, облыстың құқық қорғау органдарымен бірлесіп, қоғамдық қауіпсіздікті және тәртіпті сақтау жұмыстарын үйлестіреді.

Сурет: Facebook/Қызылорда Облысының Әкімдігі

Серік Қожаниязов 1965 жылы Қызылорда қаласында дүниеге келген.

Кузбасс политехникалық институтын инженер-механик және Лев Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетін экономист мамандықтары бойынша бітірген.

Еңбек өтілі:

Министрлікте қызметте жүріп, Арал-Сырдария бассейнінде су бөлу мәселелері бойынша Орталық Азия елдерінің Мемлекетаралық су шаруашылығын үйлестіру комиссиясының жұмысына Қазақстан тарапынан жетекшілік жасап, Арал өңірінің экологиялық жағдайын жақсартуға өз үлесін қосты.

ҚР Президенті Әкімшілігінің келісімі бойынша облыс әкімінің өкімімен облыс әкімінің орынбасары лауазымына Нұрымбет Сақтағанов тағайындалды. Ол облыстық экономика және қаржы, білім, денсаулық сақтау, қоғамдық даму, мәдениет және спорт басқармаларына жетекшілік ететін болады.

Сурет: Facebook/Қызылорда Облысының Әкімдігі

Сақтағанов Нұрымбет Аманұлы 1970 жылы дүниеге келген.

Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетін, Мәскеу мемлекеттік экономика, статистика және информатика университетін, Сәрсен Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік университеттерін педагогика, заңтану, экономика мамандықтары бойынша бітірген.

Еңбек өтілі:

Қызылорда
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз: