Қызылордада жасөспірім бұрауыш жарақатынан көз жұмды: қайғылы оқиғаға 1000 теңге себеп болуы мүмкін

Кулаки, драка, насилие, нападение, потасовка, избиение, перепалка, схватка, разборка, разборки, рукоприкладство, побои, конфликт, бой, борьба, сурет - Zakon.kz жаңалық 26.10.2026 09:12 Фото: pexels
Қызылордада полиция жасөспірімнің өліміне қатысты қылмыстық істі тергеп жатыр. Алдын ала мәлімет бойынша, қайғылы оқиғаға 1000 теңге үшін туындаған жанжал себеп болуы мүмкін, деп хабарлайды Zakon.kz.

Threads әлеуметтік желісінде қаза тапқан жасөспірімнің әпкесі оқиғаның мән-жайын айтып берді. Оның сөзінше, қайғылы жағдай 2026 жылғы 21 қазанда қаланың орталық алаңында болған.

Марқұм мен оның 13 жастағы танысының арасында 1000 теңгеге байланысты жанжал туындаған. Жанжал барысында жасөспірімнің кеудесіне бұрауышпен соққы жасалған. Алған жарақатынан ол оқиға орнында көз жұмған.

Қызылорда облыстық полиция департаменті 2026 жылғы 26 қазанға қараған түні аталған оқиғаға қатысты мәлімдеме жасады. Ведомствоның хабарлауынша, денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіру салдарынан кәмелетке толмаған баланың абайсызда қайтыс болу дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалған.

"Күдікті кәмелетке толмағандарды уақытша бейімдеу жөніндегі облыстық орталыққа орналастырылды. Сонымен қатар тергеу аясында кәмелетке толмаған баланы тәрбиелеу жөніндегі міндеттерді орындамау дерегі бойынша қылмыстық іс тіркелді", – деп хабарлады полиция департаменті.

Ведомство өкілдері істің тергелуі басшылықтың ерекше бақылауында екенін атап өтті. Тергеу мүддесіне байланысты өзге ақпарат жарияланбайды.

Бұған дейін Павлодарда үй ауласында досына араша түсемін деп қаза тапқан 30 жастағы ер адамның өліміне кінәлі азамат 11 жылға бас бостандығынан айырылғаны хабарланған.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: