Жанжал қайғылы аяқталды: Семейде 19 жастағы студент қыз қаза тапты

Машина полиции, полицейский автомобиль, полицейские, полиция, автомобиль полиции, полицейская машина, патрульная машина, сурет - Zakon.kz жаңалық 23.09.2026 09:22 Фото: unsplash
Семейде 19 жастағы студент қыздың өліміне қатысты қылмыстық іс тергеліп жатыр. Қайғылы оқиға Водный кентіндегі көшеде болған. Алдын ала мәлімет бойынша, қыз танысымен арадағы жанжал кезінде пышақ жарақатын алған, деп хабарлайды Zakon.kz.

КТК мәліметінше, көршілер айғай-шуды естіп, кейін қызды жерде жатқан күйінде тапқан. Куәгерлер дәрігерлер келгенше оған көмектесуге тырысқан.

"Аулада жүргенмін. Айғай-шуды, төбелесті естідім. Сыртқа шықсам, қыз қанға боялып жатыр екен. Оған жүрек массажын жасап жатты", – деді жергілікті тұрғын Ирина Лысак.

Куәгерлердің айтуынша, шабуылдан кейін ер адам оқиға орнынан қашып кетуге тырысқан. Көп ұзамай күдікті ұсталды.

"Сыртқа шықсам, қыз жатыр екен, денесінде пышақ жарақаттары бар. Содан кейін жедел жәрдем мен полиция келді", – деді куәгер Азамат Кужыкенов.

Қаза тапқан қыз "Қайнар" колледжінің үшінші курсында оқыған. Оқу орнындағылар оны тәрбиелі, үлгерімі жақсы студент ретінде сипаттады. Оның суреті құрмет тақтасына ілінген.

Полицияның мәліметінше, 21 қыркүйекте адам өлтіру дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Күдікті – осы ауданның 24 жастағы тұрғыны. Ол ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Қаза тапқан қыз бен күдіктінің бір-бірін танығаны белгілі.

Бұған дейін Семейде сыныптасының шабуылынан кейін оқушының аман қалғаны хабарланған еді.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: