СҚО-да ер адам жұмбақ жағдайда көз жұмды

Жедел жәрдем, СҚО, Тайынша, ер адам, суицид, сурет - Zakon.kz жаңалық 04.11.2026 22:45 Сурет: akorda.kz
Солтүстік Қазақстан облысында 40 жастағы ер адамның өліміне қатысты қылмыстық іс қозғалып, тергеу жүріп жатыр. Қайғылы оқиға Тайынша ауданында тіркелді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Қайғылы жағдай туралы алдымен әлеуметтік желідегі жарияланымнан белгілі болды. Шақырту бойынша оқиға орнына келген жедел жәрдем дәрігерлері ер адамды құтқара алмаған, тек оның өлімін растап, тіркеген. Алдын ала мәліметтер бойынша, ауыл тұрғыны өзіне-өзі қол жұмсаған.

Бұл оқиғаға қатысты Солтүстік Қазақстан облысының полиция департаменті түсініктеме беріп, бүгіндері сотқа дейінгі тергеу шаралары қолға алынғанын айтты.

"Полиция Тайынша ауданының 40 жастағы тұрғынын өзін-өзі өлтіруге дейін жеткізу фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеуді бастады. Тергеу шеңберінде болған оқиғаның барлық мән-жайы, сондай-ақ бұған түрткі болған себептер мен жағдайлар анықталып жатыр", – деді өңірлік ПД Zakon.kz тілшісіне 2026 жылғы 4 қарашада.

Ведомство өкілдері тергеу қорытындысы бойынша тиісті процесуальды шешім қабылданатынын да жеткізді.

Бұған дейін Шымкентте жергілікті тұрғынды ұрлап, өлтіру ісі бойынша алты ер адамға қатысты сот үкімі шыққанын жазғанбыз. Сотта жантүршігерлік мәліметтер анықталды: жәбірленушіні топ адам ұрып-соғып, күштеп көлікке отырғызып, Түркістан облысына апарған, оны сол жерде өлтірген.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: