Қарағандыда ер адам ота алдында салынған екпеден кейін көз жұмды
Сурет: pixabay
Қарағандыда екпе салдырған 40 жастағы ер адамның өліміне қатысты қылмыстық іс қозғалды. Қазір сот медициналық сараптамасымен қатар медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің мамандары тексеру жүргізіп жатыр, деп хабарлайды Zakon.kz.
Ол үшін елдің өзге облыстарынан тәуелсіз мамандар шақыртылған. Марқұмның туыстарының сөзінше, "ЦЕФ-3" және "новокаин" препараттарына аллергиясы бары айтылғанына қарамай, екпе жасалыпты. Салдарынан ешқандай асқынусыз, тік ішекке жоспарлы ота жасатуға келген азамат тіл тартпай кеткен. Оның артында жары мен үш баласы қалды, деп хабарлайды "Хабар 24".
"Ота кезінде асқынулар болмау үшін және профилактикалық мақсатта науқасқа бір дозалық ЦЕФ-3 дәрілік заты тағайындалады. Бірақ оның алдында отадан бұрын тері ішілік сынама жасалады. Оның қортындысы бойынша ол теріс болып бағаланады. Науқасқа ота алдында ЦЕФ-3 дәрісі салынған. Сот медициналық сараптамасының болжамы бойынша науқас анафилактикалық шоктан қайтыс болған". ҚР ДСМ медициналық және фармацевтикалық бақылау комитеті ҚОФ бас маманы Ардақ Бейсова
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript