Қостанай облысында ер адам туысының қолынан көз жұмды

Қайғылы оқиға, сурет - Zakon.kz жаңалық 21.02.2023 20:53 Сурет: Telegram/POLISIA.KZ
Қостанай облысында 18 ақпанда аудандық ауруханаға таңғы сағат 05:00 шамасында басынан жарақаттанған 40 жастағы ер адам жеткізілді. Ол ауруханада жансақтау бөлімінде жан тапсырды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Белгілі болғандай, сол күні жәбірленушінің үйіне 23 жастағы алыс туысы қонаққа келген. Олардың арасындағы ұрыстан кейін басынан жарақат алған 40 жастағы ер адам ауруханаға түсті.


"Күдікті қылмыс орнында ұсталды. ҚР ҚК 99-бабы 1-бөлігі - "Кісі өлтіру" бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеруді бастады", делінген полиция хабарламасында.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: