Қаңтардағы тәртіпсіздік: Алматыдағы бизнеске келтірілген шығын қашан толық өтеледі

Сурет: Zakon.kz
Алматы әкімі Ерболат Досаев Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте қаңтар оқиғасы кезінде бизнеске келтірілген шығын қашан толық өтелетінін айтты, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ерболат Досаев әкімдікке барлығы 1594 өтініш түскенін айтты. Олар бойынша 14,5 миллиард теңгеден астам төлемақы төленген.

66 өтінішті қабылдамадық, себебі олар ШОБ санатына жатпайды. Олар жеке тұлғалар және Алматы қаласында тіркелмеген. Бүгінде барлық зардап шеккен ШОБ субъектісінің 99%-ы қызметін қалпына келтірді және олар – толыққанды салық төлеушілер. Барлық міндеттеме орындалды деп есептеймін. 16-ға жуық компания қалды, бірақ оларға сот-экономикалық сараптама қажет. Процесс аяқтала салысымен біз қосымша 2,8 млрд теңге төлейміз.Алматы әкімі Ерболат Досаев

Мегаполис басшысы бұған қаржы бар екенін, Алматыда шағын және орта бизнестің белсенділігі толық қалпына келетінін жеткізді.

Алматы
Досаев Ерболат

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Астана, Алматы, Шымкент. Алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

Ақтауда шетелге заңсыз ақша шығарған компанияға 153 млн теңге айыппұл салынды

КХДР үш сағат ішінде екі баллистикалық зымыран ұшырды

МӘМС реформасының жиынтық экономикалық әсері жүздеген миллиард теңгені құрайды

Қазақстанда МӘМС жарналарын төлеу және сақтандырылған тұлғаларды есепке алу қағидалары жаңартылды