Қазақстанның жаңа облыстарының коды белгілі болды

Сурет: Zakon.kz
Жер ресурстарын басқару комитеті жер учаскелерінің кадастрлық нөмірлерін қалыптастыру үшін облыстарға, қалаларға және аудандарға берілген кодтар тізбесіне толықтырулар дайындады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Сонымен Абай облысына 23, Ұлытау облысына 25, Жетісу облысына 24 деген код беріледі. Қонаев қаласына Қапшағайдың 055 деген коды беріледі.

Шығыс Қазақстан облысының Көкпекті ауданынан бөлінген Самар ауданы 334, Тарбағатай аймағынан шыққан Ақсуат ауданы 333 кодын алады.

2022 жылғы 3 мамырда мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Алматы облысындағы Қапшағай қаласын Қонаев қаласы деп қайта атау туралы» және «Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылымының кейбір мәселелері туралы» жарлықтарға қол қойды.

Сөйтіп, үш жаңа аймақ – Абай, Ұлытау және Жетісу облыстары пайда болды. Қазақстанда барлығы 17 облыс бар.

Құжат 8 тамызға дейін Ашық НҚА веб-сайтында жарияланған.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстан Қытайдағы Азия чемпионатында екі алтын медаль жеңіп алды

Жыл басынан бері елімізде 18 заңсыз ойынхана табылып, 27 қылмыстық іс қозғалды

"Найзағай, бұршақ, аптап ыстық". Сейсенбіде еліміздің басым бөлігінде дауылды ескерту жарияланды

"Шаңды дауыл, аптап ыстық, жаңбыр". Еліміздің басым бөлігінде дауылды ескерту жарияланды

"Ақерке". Димаш жаңа әні шыққанын айтып, жанкүйерлерін елеңдетіп қойды