Қазақстан Қытайдағы Азия чемпионатында екі алтын медаль жеңіп алды

Қазақстан Қытайдағы Азия чемпионатында екі алтын медаль жеңіп алды, сурет - Zakon.kz жаңалық 14.06.2026 10:38 Сурет: ktf.kz
Қазақстанның триатлон құрамасы Қытайдың Сюйчжоу қаласында өткен Азия чемпионатында екі медаль еншіледі, деп хабарлайды Zakon.kz.

Екі жүлде де алтын болды. Тұғырдың ең биік сатысына Рамазан Айнегов пен Ясмина Бузуртанова көтерілді.

Айнегов U17 жас санатында үздік атанды. «Суперспринт» дисциплинасында қазақстандық спортшы 00:25:49 уақыт көрсетіп, мәреге бірінші болып жетті.

Ал 15 жасқа дейінгі спортшылар арасындағы жарыста Бузуртанова қашықтықты 00:30:56 нәтижесімен еңсеріп, алтын медаль иеленді.

14 маусымда эстафеталық жарыстарда жүлделер сарапқа салынады.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: