Қазақстанның ең жас және ең үлкен әкімі кімдер

Сурет: ШҚО және Шымкент әкімдігі
Сарапшылар ел әкімдерінің жасы мен қызмет өткеру мерзіміне зерттеу жүргізді. Олардың айтуынша, елдегі облыс әкімдерінің орташа жасы – 52 жас, деп хабарлайды Zakon.kz.

Еліміздің жасы жағынан ең үлкен әкім Шығыс Қазақстан облысын басқарады. Ол – Даниал Ахметов, 68 жаста. Ranking.kz сарапшылары Ахметовтың бұл қызметте жеті жылдан астам уақыт болғанын түсіндірді. Ол облыс әкімі қызметін 60 жасында алды.

Одан кейін:

Жетісу облысының әкімі Бейбіт Исабаев (59 жаста);

Ақтөбе облысының әкімі Оңдасын Оразалин (58 жаста).

Ал еліміздегі ең жас әкім Шымкент қаласының басшысы – Мұрат Әйтенов. Ол 40 жаста. Әйтенов бұл қызметке 38 жасында кірісті. Ол қаланы басқарғанына екі жылдан асты.

Сонымен бірге жастар арасында:

Атырау облысының әкімі Серік Шәпкенов (43 жаста);

Нұр-Сұлтан әкімі Алтай Көлгінов (44 жаста).

Сонымен қатар зерттеушілер Ұлытау облысының басшысы Берік Әбдіғалиевті жұмыс мерзімі ең қысқа әкім ретінде көрсетті. Ол 2022 жылдың 11 шілдесінен бастап Ұлытау облысының әкімі, яғни қызметте болғанына небәрі 20 күн болды.

Қазақстан
Қызықты

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстандық әйел сөмкесіне патрон салып, басқа қалаға ұшпақ болған

"Үздік педагог" атағын беру тәртібі: не өзгерді

Тоқаев қазақстандық жоғары оқу орындарының әлсіз тұстарын атады

Евгений Кафельников Рыбакина мен Соболенконың басты айырмашылығы атады

Димаш Құдайберген әлемдік тур алдындағы жаңа образын көрсетті