Алматыда заңсыз салынған кезекті тұрғын үй кешені сүріледі

Сурет: Алматы әкімдігі
Сот Наурызбай ауданындағы «Qadam» тұрғын үй кешенін сүруге шешім шығарды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Сот Наурызбай ауданындағы «Qadam» тұрғын үй кешенін сүруге шешім шығарды.

Бұған дейін Алматы қаласының қала құрылысын бақылау басқармасы нысанды тексеріп, сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі саласында бірқатар заң бұзушылықты анықтады.

4 қабатты көппәтерлі тұрғын үйдің құрылысы рұқсат құжаттарынсыз басталған. Тексеру нәтижелері бойынша «Qadam ТК» ЖШС-не қатысты әкімшілік хаттамалар толтырылып, кейіннен заңсыз салынып жатқан нысанды бұзу туралы талап арыз жазылды. Нәтижесінде сот шешімімен заңсыз салынған нысанды бұзу туралы талап қанағаттандырылды, – делінген Алматы әкімдігінің хабарламасында.

Шешім әлі заңды күшіне енген жоқ.

Жылжымайтын мүлікті сатып алудан бұрын тұрғындар салынып жатқан үй туралы ақпаратты тексеріп, мына жедел желі арқылы құжаттар пакетінің түгел екенін анықтай алады: +7 (727) 229-81-36.

Сонымен қатар 27 шілдеде Наурызбай ауданындағы «Жайсаң» тұрғын үй кешені де сүрілетіні белгілі болды.

Алматы

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Әр адамға 8 сағат ұйқы қажет емес: маман ұйқы режимі туралы айтты

Қырғызстандық продюсер: қазақстандықтар Канье Уэстті "тартып алды" - енді Шакираның концерті де күмәнді

Алматыда аптап ыстық, Астанада күн күрт суытады: 11–13 қыркүйекке арналған жаңартылған болжам

Астана, Алматы және Шымкенттегі валюта бағамы – 10 қыркүйек

Тоқаев Түркі мемлекеттері ұйымына мүше елдердің Ішкі істер министрлерімен кездесті