Мусин Көксу аудандық ауруханасындағы PACS жүйесіне оң баға берді

Жетісу облысының Көксу орталық аудандық ауруханасында пилоттық жоба ретінде енгізілген PACS орталықтандырылған жүйесі онкологиялық ауруларды бастапқы кезеңінде анықтауға мүмкіндік береді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Өңірге сапары барысында цифрлық даму министрі  Денсаулық сақтау вице-министрі Бейбіт Есенбаевпен бірге Көксу ауданы Балпық би ауылындағы аудандық орталық аурухананда болды.

Нысанды аралап, ондағы дәрігерлер қолданатын ақпараттық жүйелермен танысты. Медицина мамандары ақпараттық жүйелерді қолданудағы әсерлерін бөлісіп, жұмысты одан әр жетілдіру жөніндегі өз ойларын айтты.

Заманауи қосымшалар пациентке қамқорлық жасауға жәрдемші болуы керек, денсаулық жағдайы туралы және басқа да қажетті мәліметтерді есіне салып, оған хабарлама жолдап отыруы керек. Қазіргі кезде самртфондарды қалай қолдану керектігін кез келген адам біледі, сондықтан қазақстандықтар үшін өз денсаулығына қатысты қажетті деген жеке мәліметтерін алып отыру үшін өз девайсын қолданған қолайлы. Денсаулық сақтау министрлігі осыны іске асыру мәселесін бақылауға алуы тиіс. Бағдат Мусин

Сурет: Жетісу облысы әкімдігінің баспасөз қызметі

Бұдан бөлек, аталған жүйе өңірдегі радиолог-мамандардың жетіспеушілігі проблемасын реттеуге, диагностика сапасын жақсартуға, білікті мамандардың пікірін қашықтықтан алуға, ақпаратты тез жинақтауға және ең бастысы, онкологиялық ауруларды ерте сатысында анықтауға мүмкіндік береді, бұл аурудан айығу мүмкіндігін бірнеше есе арттырады.

Осы цифрлық жоба жұмыс істеген төрт жыл ішінде ол арқылы 1 млн 520 мыңнан астам радиологиялық зерттеулер жүргізілді. Атап айтқанда, жасанды зердені пайдалану өкпе мен сүт безі патологиясын ерте кезеңде 20%-дан 82%-ға дейін анықтауды қамтамасыз етті.

Сурет: Жетісу облысы әкімдігінің баспасөз қызметі

Қазақстан Мусин Бағдат
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз: