ІІМ әлеуметтік желі қолданатын жасөспірімдерге маңызды ескерту жасады

Сотовая связь, мобильная связь, мобильная сеть, мобильный интернет, мобильный оператор, мобильные операторы, сотовый оператор, оператор сотовой связи, социальные сети, сурет - Zakon.kz жаңалық 27.07.2026 10:36 Фото: unsplash
Бүгін, 2026 жылғы 27 шілдеде Қазақстанның Ішкі істер министрлігі жасөспірімдерге үндеу жасап, әлеуметтік желілерде өздерін қалай қорғау керектігін түсіндірді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Жасөспірімдерге интернеттегі қауіпсіздік қарапайым, бірақ маңызды ережелерді сақтаудан басталатыны ескертілді.

"Әлеуметтік желілер адамдармен араласуға, білім алуға және өмірдегі оқиғалармен бөлісуге мүмкіндік береді. Алайда ашықтық қауіп-қатерге себеп болмауы керек", – деп ескертті ІІМ баспасөз қызметі.

Осыған байланысты ведомство қауіпсіздіктің негізгі ережелерін атап өтті.

ІІМ жасөспірімдерді:

  • Мекенжайыңызды, телефон нөміріңізді, оқитын мектебіңізді, сабақ кестесін және сіздің орналасқан жеріңізді анықтауға мүмкіндік беретін басқа да жеке мәліметтерді жарияламаңыз.
  • Геолокацияны көрсететін фото мен стористі нақты уақыт режимінде салмаңыз. Ондай материалдарды сол жерден кеткеннен кейін ғана бөліскен дұрыс.
  • Достар қатарына тек жеке танитын адамдарды ғана қосыңыз.
  • Парақшаңыздың құпиялық баптауларын реттеп, жарияланымдарыңызды тек сенімді адамдар көретіндей етіп қойыңыз.
  • Бейтаныс адамдарға жеке фотоларыңызды, құжаттарыңызды немесе өзге де құпия ақпаратты жібермеңіз.
  • Егер бейтаныс адам сізге шамадан тыс назар аударып, жеке мәліметтеріңізді сұраса, қайда жүргеніңізді білетінін айтса немесе қорқытуға тырысса, онымен байланысты бірден тоқтатыңыз.
  • Күмәнді аккаунтты бұғаттаңыз. Мұндай жағдайлар туралы міндетті түрде ата-анаңызға, заңды өкіліңізге немесе сенім артатын ересек адамға айтыңыз.

Есіңізде болсын: сіздің қауіпсіздігіңіз жазылушылар саны мен лайктардан әлдеқайда маңызды. Цифрлық ортада қауіпсіздік ережелерін сақтау жеке деректеріңізді қорғауға және ықтимал қауіптердің алдын алуға көмектеседі.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: