Нұр-Сұлтанда 50 арнайы көлік нөсерден кейін көшелердің суын сорып, тазалап жатыр

Сурет: видеодан алынды
Қолайсыз ауа райы салдарынан елорданың бірнеше көшесі су астында қалды. Қала әкімдігінің баспасөз қызметі жаңбыр суы ағатын кәріз жүйесі мен су бұру желілері құрылысы мен көлемін кеңейту жұмыстары жүйелі деңгейде жүргізіліп отыратынын жеткізді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Мысалы, жаңбыр суын ағызуға арналған желілер құрылысының арқасында 146 проблемалық учаскеде су басу мәселесі шешілді.

Одан бөлек, 130 шақырымнан астам жаңбыр суына арналған кәріздер мен арық жүйесі салынды, сарқынды және жаңбыр суы жиналатын 1 мың құдық тазартылды, 20 шақырымнан астам коллекторлар жуылып, тазаланды, 6,5 мың құбырға булау жүргізілді және т. б. Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

Сондай-ақ, Алматы ауданында (Шәмші Қалдаяқов көшесі), жаңа вокзалда, Ұлы Дала даңғылы бойында және тағы басқа орындарда жаңбыр суына арналған кәріздер құрылысы жүргізіліп жатыр.

Нұр-Сұлтан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Бельгияда жалпыұлттық ереуіл өтіп жатыр

Көп балалы отбасылар, ипотека, білім: қазақстандықтар салық арқылы ақшаны қалай үнемдей алады

Көлікті 5 минуттан артық қыздырғандарға салынатын айыппұлдың мән-жайын ІІМ түсіндіріп берді

Көкшетауда кісі өлтірді деген үш күдікті бірден ұсталды

2025 жылдан бастап Денсаулық сақтау министрлігі медициналық қызметтердің тарифтерін өзгертті