Алматыдағы «Южный» саябағының аумағы ұлғаюы мүмкін

Сурет: Zakon.kz
Алматының Бостандық ауданындағы «Южный» саябағындағы жер учаскесін қайтару жұмыстары жүріп жатыр. Оң шешім қабылданса, саябақ аумағы 2,8 га ұлғаяды. Бұл туралы қала әкімі Ерболат Досаев аудан тұрғындарымен кездесуде мәлімдеді, деп хабарлайды Zakon.kz.
19 сәуірде Алматы қаласының әкімдігі осы учаскені алып қою туралы қаулы қабылдады, бірақ иесі өтемақы сомасымен келіспеді. Сондықтан әкімдік экономикалық сотқа Мемлекеттік мүлік үшін жер учаскесін мәжбүрлеп алып қою туралы талап арыз берді. Оң шешім қабылданған жағдайда, «Южный» паркінің аумағы 2,8 га ұлғаяды.Алматы қаласының әкімі Ерболат Досаев

Әкімдіктің хабарлауынша, 14 шілдеде Алматы қаласы әкімдігінің Жароков – Левитан көшесіндегі ауданы 30 сотық жер учаскесін алып қою туралы қаулысы қабылданды.

Бұл аумақта 2023 жылғы қазан айына дейін аудан тұрғындарының бос уақыты мен демалысы үшін спорттық, балалар және workout алаңдары орнатылады.

Қазақстан
Алматы

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстандағы зейнеткерлер қандай жеңілдіктер мен көмекке үміткер бола алады және оларды қалай алуға болады

Ерлан Қарин: Жаңа Конституция ел дамуындағы жаңа тарихи кезеңді бастайды

Қазан айында ел азаматтары қанша күн демалады

"Үсік жүріп, тұман түседі". Синоптиктер еліміздің бірқатар өңірінде дауылды ескерту жариялады

"Тұман түсіп, күн суытады". Дүйсенбіде еліміздің бірқатар өңірінде дауылды ескерту жарияланды