Абай облысында Абай күні қалай тойланды

Сурет: Абай облысы әкімінің баспасөз қызметі
Дәстүр бойынша, бұл күні Семейде Ұлы ақынның ескерткіштеріне гүл шоқтары қойылды. Салтанатты шараға Абай облысының әкімі Нұрлан Ұранхаев, зиялы қауым өкілдері және осы күндері Семейде өтіп жатқан Жерлестер форумының қонақтары қатысты, деп хабарлайды Zakon.kz.

Өзінің құттықтау сөзінде Абай облысының әкімі Нұрлан Ұранхаев Ұлы дала ақынының шығармашылығы барлық уақытта да өзекті екенін атап өтті.

Салтанатты рәсімнен кейін қонақтар Невзоровтар отбасы мұражайы мен Абай мұражайын аралады.

Сурет: Абай облысы әкімінің баспасөз қызметі

Сонымен қатар бүгін Семей қаласында жерлестер бизнес форумы болып өтті. Форум ойшыл Абай Құнанбаевтың 177 жылдығына арналған.

Семейде, басқа қалалар мен елдерде бұрыннан тұрып жатқан, бірақ бұрынғысынша өзінің шағын отанын жақсы көретін және оның өркендеуіне үлес қосуға дайын бизнес өкілдері жиналды.

Сурет: Абай облысы әкімінің баспасөз қызметі

Бүгін біз Абай күнін атап өтудеміз. Бұл ұлы ақын мен ойшылдың оның есімімен аталатын аймақ құрылғаннан кейінгі алғашқы құрметі. Сондықтан мереке есте қаларлықтай болғанын қалаймын. Бүгін форумға біздің жерлестеріміз - бұрынғы Семей облысы мен Семей қаласының тумалары жиналды. Абай облысының әкімі Нұрлан Ұранхаев

Сурет: Абай облысы әкімінің баспасөз қызметі

Форум аясында қонақтар Абай ескерткішіне гүл шоқтарын қойып, қала музейлеріне барып, футбол бойынша жолдастық матчқа да қатысты. Ең қызығы сол футболда Абай облысының әкімі Ұранхаевтың өзі ойнады.

Естеріңізге сала кетейік, Семейде атақты "Елім-ай" футбол командасы қайтадан жасақталған болатын.

Сурет: Абай облысы әкімінің баспасөз қызметі

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Астанада өрттен 11 жасар бала қаза тапты

Павлодар облысында мас жүргізуші ұсталды

-33 °C. ТЖМ алда келе жатқан аязды күндерге байланысты мәлімдеме жасады

"Боран соғып, аяз болады". Астана, Алматы және еліміздің 16 облысында дауылды ескерту жарияланды

Қазақстанда жекеменшік мектептер үшін жаңа мемлекеттік тапсырыс жүйесі іске қосылды