Елорда тұрғындарына 1 қыркүйектен бастап жолдарда көлік ағыны артатыны ескертілді

Сурет: gov.kz
Елорда әкімдігі тұрғындарға оқу жылы басталып, демалыс маусымының аяқталуына орай қала жолдарында көлік ағыны артқанын, кейбір көшелерде жол жөндеу жұмыстары жүріп жатқанын ескертіп, осыған байланысты жүріс бағдарын алдын ала жоспарлап алуға кеңес береді, деп хабарлайды Zakon.kz.
Көлік басқармасына желіге барынша көбірек қоғамдық көлік шығуы, сұранысқа ие маршруттарға қосымша автобустар шығару тапсырылды. Биыл жыл соңына дейін тағы 100 жаңа электр автобусын іске қосу жоспарланып отыр. Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

Көшелерде көлік ағынын сейілту үшін биыл тамыз айында Ұлы дала көпірінде қозғалыс ашылды. Көпір Мәңгілік ел даңғылындағы, А.Байтұрсынұлы, Р. Қошқарбаев, Ж.Нәжімеденов көшелеріндегі, Nova city ауданы мен «Мыңжылдық» аллеясындағы көлік ағынын ішінара сейілтуге мүмкіндік береді, бұған қоса жаңа «Нұрлы жол» вокзалы, Тельман және Промышленный елді мекендері, МЕТРО гипермаркеті ауданы, Жұмабаев даңғылы, Жүргенов көшесі және т.б. арасында байланысты арттырады.

Сол сияқты А62 көшесінің (А91 көшесінен Нұр-Сұлтан – Қарағанды трассасына дейінгі аралығы) құрылысы жүріп жатыр. Жоспар бойынша бұл маңайда қозғалыс биыл күзде ашылады. Бұл көше Қарағанды трассасы мен «Нұрлы Жол» теміржол вокзалы, сол сияқты қаланың сол жақ бөлігі арасында көлік қатынасын қамтамасыз етеді.

Көлік қозғалысына арналған тағы бір көпір келесі жылы ашылады. Ол Есіл өзені арқылы Тәуелсіздік даңғылын жалғайды.

Нұр-Сұлтан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қытайда пара алған шенеунік өлім жазасына кесілді

Жұмыстан босатылған қазақстандықтарға төленетін әлеуметтік төлемдер: мемлекеттен қалай көмек алуға болады

2025 жылға арналған әкімдіктердің қарыз лимиті бекітілді

Қазақстанның 25 көрікті жерінің үздік топтамасы

БҚО-да полицейлер із-түссіз жоғалған қызды аман-есен тапты