Таразға жаңа әкім тағайындалды

Сурет: Жамбыл облысы әкімдігі
Бақытжан Орынбеков Тараз қаласының әкімі болып тағайындалды, деп хабарлайды Zakon.kz Жамбыл облысы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Президент Әкімшілігімен және Тараз қалалық мәслихатымен келісе отырып, Жамбыл облысы әкімінің өкімімен Бақытжан Орынбеков Тараз қаласының әкімі болып тағайындалды. Бұған дейін ол «Тау-Кен Самұрық» ҰМК» АҚ басқарма төрағасы қызметін атқарған.

Бақытжан Орынбеков 1971 жылы 20 ақпанда дүниеге келген.

Білімі, мамандығы, лицензиялары:

М.Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университеті (2016), «Автомобиль және автомобиль өнеркәсібі, инженер-механик», «Техника және технология, тау-кен ісі» мамандығы

Еңбек өтілі:

5 тамызда Тараз қаласының әкімі Ержан Жылқыбаев қызметінен кетті. 5 қыркүйекте Қанатбек Мәдібек пен Ерболат Ыбырайханов Жамбыл облысы әкімінің орынбасарлары болып тағайындалды.

Қазақстан
Тараз

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Астанада сарапшылар жасанды интеллект, медиа және электоралдық мінез-құлықтың жаңа үрдістерін талқылады

Қазақстан семсерлесуден әлем чемпионатын бір медальмен аяқтады

2026-2027 оқу жылында оқушылар қашан демалатыны белгілі болды

Қазақстанда жол жөндеуге қатысты жаңа тәсіл енгізіледі: асфальт барлық жерде төселмейді

Алдағы демалыс күндері Алматы жәрмеңкелерінде 300 тоннаға жуық ет, көкөніс пен жеміс-жидек сатылады