Алмас Әділ 1980 жылы дүниеге келген. Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетін заңгер мамандығы бойынша бітірген.
Еңбек жолын «Қайнар» АҚ-да заңгер болып бастаған.
Осы жылдары Талдықорған қаласындағы Қазақ Ұлттық банкі мен Казкоммерцбанктің филиалдарында заңгер, «Таникеева М.А.» АЖ директоры, бас маман, қала әкімі аппаратының басшысы, Талдықорған қаласы әкімінің орынбасары, «Таникеева М.А. облыстық кәсіпкерлік және индустриялық-инновациялық даму басқармасы басшысының орынбасары болып қызмет еткен.
2016 жылдың шілдесінен Көксу ауданының әкімі болып қызмет етті.
Текелі қаласының бұрынғы әкімі Батыр Молдахметов өз өтініші бойынша Текелі қаласының әкімі қызметінен босатылды. Бұған дейін Текелі қаласының әкімі қызметін атқарған Бақтияр Үнербаев қарамағындағы қызметкердің сыбайлас жемқорлық әрекетіне байланысты қызметінен кетті.