Нұр-Сұлтанның жедел жәрдем станциясына жаңа көліктер берілді

Әкімдік медицина қызметкерлерінің жалақысын жүйелі деңгейде өсіріп, жоғары білім алуға жыл сайын гранттар бөледі, деп хабарлайды Zakon.kz.

Медициналық орталықтар мен жедел медициналық жәрдем станциясын жүйелі түрде жабдықтау жұмысы жүріп жатыр. Жедел медициналық жәрдем станциясының автопаркіне тағы 55 автокөлік қосылды. Олардың басым бөлігі – реанимобильдер, делінген елорда әкімдігінің сайтында.

Сурет: Александр Куприенко

Осыған дейін 100-ден аса автокөлік тапсырылған. Осылайша, автопарк айтарлықтай модернизацияланып, машиналар саны артты. Арнайы автокөліктер алғашқы медициналық көмек көрсету үшін қажетті жабдықтармен жабдықталған: өкпені жасанды желдету аппараты, дефибриллятор-мониторлар, электрлі сорғыштар, жедел медициналық көмек көрсету үшін реанимациялық құрылғылары бар жиынтықтар (электрокардиограф) және т.б. Алтай Көлгінов

Сурет: Александр Куприенко

Әкім Мемлекет басшысы медицина саласын дамытуға, медициналық қызметтердің қолжетімділігін қамтамасыз етуге және сапасын жақсартуға, жедел медициналық көмек қызметін жаңғыртуға ерекше көңіл бөлетінін атап өтті.

Соңғы үш жыл ішінде медициналық мекемелер 3 мыңға жуық арнайы жабдықпен толық жабдықталды, 40 «үй жанындағы дәрігер» нысаны (олардың 7-еуі елді мекендерде орналасқан) ашылды, бірқатар медициналық мекемеге жөндеу жүргізілді, 4 медициналық мекеменің құрылысы бойынша тиісті жобалар іске асып жатыр. Алтай Көлгінов

Сурет: Александр Куприенко

Сол сияқты жергілікті билік «Жағалау-3» және «Нұрлы жол» вокзалы аумағында амбулаторлы-емханалық кешен, Көктал-1, Пригородный, Тельман және т.б. елді мекендерде алғашқы медициналық-санитарлық көмек көрсету орталықтарының құрылысын жоспарлап отыр. Сондай-ақ әкімдік медицина қызметкерлерінің жалақысы жүйелі деңгейде өсіріп, жоғары білім алуға жыл сайын гранттар бөледі.

Сурет: Александр Куприенко

Нұр-Сұлтан Кульгинов Алтай
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз: