Алматы әкімдігі қала ауасының ластануымен қалай күреседі

Әкімдікте қала ауасын ластайтын негізгі көздер аталды. Олар: автокөлік шығарындысы, жылу энергетикалық кешендер (ЖЭО-2,3), Алматы мен Алматы агломерациясының газдандырылмаған үйлері мен саяжайлары, өндірістік кәсіпорындар, деп хабарлайды Zakon.kz.

Сонымен бірге тығыз салынған нүктелі құрылыстар қаланы желдетуді төмендетіп, ауаның ластану деңгейіне кері әсер етеді.

2021 жылы залалды заттардың жалпы көлемі 127 мың тонна болды. Оның ішінде:

Әзірленген "Алматы қаласын 2025 жылға дейін және орта мерзімді перспективаларды 2030 жылға дейін дамыту бағдарламасы" аясында ауаға кері әсер ететін залалды заттарды азайту және қоршаған ортаны жақсарту бойынша кезең-кезеңмен жүзеге асатын шаралар әзірленді.

Алматыда 2023 жылға дейінгі даму бағдарламасына сәйкес пайдаланылған газдардың уыттылығы мен түтіндігі нормаларына сәйкестігіне автомобиль шығарындыларын өлшеуді жүргізу қағидалары қабылданады. Автокөліктерге экологиялық сынып беру туралы регламент әзірленеді. Құжат Еуразиялық экономикалық одақтың экомаркировка жасау жөніндегі техрегламентіне сәйкес болады, - делінген Алматы әкімдігінде.

2025 жылға дейін ауаны ластайтын залалды заттардың деңгейі төмен аймақтарға көліктің кіруін шектеу үшін автомобильдер экомаркировкаланады. 2025 жылдың соңына дейін коммуналдық техника – дизель отынымен жұмыс істейтін 3,4 мың бірлік арнайы техника мен автобус сығымдалған табиғи газ бен электр тартымына ауыстырылады. Бұл залалады заттарды жылына 1 мың тоннаға азайтуға мүмкіндік береді.

2025 жылға дейін 1200 дизельді автобус газ бен электр тартымына ауысып, бұл шығарындыларды жылына 2 мың тоннаға азайтуға мүмкіндік береді. Сонымен бірге сығымдалған табиғи газбен жүретін автобустар үшін жаңа инфрақұрылым салу және тағы басқа жоспарланып отыр.

Оған қоса жеке (2025 Ж.) және қоғамдық электр көлігін (2030 ж.) зарядтау үшін инфрақұрылым желілері жасалады. 2030 жылға қарай электр автобустары үшін 3 жаңа заманауи депо пайдалануға беріледі.

Алматы
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз: