Мұрат Әйтенов: Спорт қолжетімді болғанда ғана бұқаралық сипат алады

Сурет: Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі
Шымкентте заманауи үлгідегі спорт және балалар ойын алаңшасы салынып, ескілеріне қайтадан жаңғырту жұмыстары жүргізіліп жатыр, деп хабарлайды Zakon.kz.

Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, қала басшысы Мұрат Әйтенов Әл-Фараби ауданына қарасты Түркістан көшесінде орналасқан көпқабатты үй аулаларына орнатылып жатқан жаттығу элементтері мен ойын алаңдарын көріп, тұрғылықты халықпен кездесті.

Сурет: Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

Әл-Фараби алаңы №1А/ Түркістан көшесі №2/3, 2/7 мекенжайларында орналасқан көпқабатты үй ауласындағы спорт алаңшасын жөндеу жұмыстары шілде айында басталып, қазіргі таңда оның 90% орындалды. Ал балалар ойын алаңшасының құрылыс-монтажы тамызда басталған, ол бір айда жұмыстар толық аяқталып, пайдалануға берілмек.

Сурет: Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

Спорт қолжетімді болғанда ғана бұқаралық сипат алады. Ал, бұқаралық спортты дамытумен ұлт саулығын нығайта түсеріміз анық. Ол үшін бар мүмкіншілікті пайдалана отырып аулаларымызды дамыта бермекпіз, - деді шаһар басшысы.

Сурет: Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

Аулаларда түрлі жастағы балаларға лайықты ойын элементтерімен қоса шағын футбол алаңшасы да ашылады.

Сурет: Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

Айта кетелік, көпқабатты тұрғын үйлердің аулаларын абаттандыру және балалар ойын алаңшалары «Халық қатысатын бюджет» жобасы негізінде орнатылуда.

Шымкент

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Мемлекет басшысы Ербол Хамитовты III дәрежелі "Барыс" орденімен марапаттады

Мемлекет басшысы Ресей Премьер-министрі Михаил Мишустинді қабылдады

Димаш Құдайберген маңызды үндеу жасады

Дабылды ескерту: Қазақстанда найзағай мен дауыл күтілуде

Қасым-Жомарт Тоқаев: Жаңа Конституция – әр азаматқа тең мүмкіндік пен стратегиялық даму кепілі