Қала әкімі Көкбұлақ елдімекенінің тұрғындарымен кездесті

Сурет: Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі
Шымкенттегі Абай ауданына қарасты Көкбұлақ елді мекенін инфрақұрылым жүйелерімен қамту жұмыстары жалғасып жатыр. Қала әкімі Мұрат Әйтенов атқарылып жатқан құрылыс барысын тексерді.

Тұрғын алапқа былтыр толық оптика желісі тартылып, интернетпен қамтылған.

Сондай-ақ 2021 жылы тұрғындар ауыз су мен жарыққа 100% қол жеткізді.

Ал көгілдір отынмен осы жылдың ІІІ тоқсанында қамтылатын болады, құрылыстың 90% атқарылған.

Сурет: Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

2 390 тұрғыны бар Көкбұлақтағы тағы бір мәселе - жолды асфальттау болатын. Қазіргі таңда 9 көшенің бесеуіне тас төселсе, төртеуі асфальтталды. Жалпы былтыр 6 шақырымға шағал тас төселген.

Сурет: Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

Сурет: Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

Келер жылы Ағыбек ата, Үркінбай ата, Жомарт ата көшелеріне асфальт төселеді. Ал 2024 жылы Маңлай ата мен Жангелді батыр көшелері асфальтталатын болады.

Қоғамдық көлік мәселесі шешілген,№146 және №180 маршруттары қойылған.

 Бұдан бөлек, былтыр 2, биыл 1 балалар алаңшасы пайдалануға берілді.

Сурет: Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

Тұрғындардың өтініші бойынша осы жылы 800 м Есбол қажы көшесі жарықтандырылды.

Құрылыс нысандарын аралай жүріп, жергілікті тұрғындармен кездескен әкім басқа да проблемаларға көңіл аударып, оның шешілу жолдарын жауапты басқарма басшыларына тапсырмалар жүктеді.

Қазақстан
Шымкент

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда педагогтардың біліктілігін арттыру курстарын өткізу ережелері жаңартылды

Айына 8,7 млн теңге: қазақстандықтар қандай жалақыға жұмыс істеуге дайын

Қасым-Жомарт Тоқаев: Ұлы Абайдың аманатына адал болайық!

Қазақстандықтар 2026 жылғы шілдеде қанша күн демалады

Ұлттық Банк 8 айда алғаш рет базалық мөлшерлемені төмендетті