Жамбыл облысы Шу ауданында 3 білім беру нысаны пайдалануға берілді

Сурет: Жамбыл облысы әкімінің баспасөз қызметі
Жамбыл облысында 25 қазан ұлттық мереке – Республика күні аясында Шу ауданында 3 білім беру нысаны пайдалануға берілді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Жамбыл облысы әкімінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, атап айтқанда, ауданға қарасты Мойынқұм, Ақсу ауылдарында жеке кәсіпкерлердің демеушілігімен 2 бөбекжай-бақша, Шу қаласында бастауыш мектеп ашылды.

Салтанатты шараларға аудан әкімі Сәкен Арубаев қатысып, ауыл тұрғындарын айтулы мерекемен құттықтады. Ол бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі аясында аймақта атқарылып жатқан жұмыстарды атап өтті.

Сурет: Жамбыл облысы әкімінің баспасөз қызметі

Мойынқұм ауылындағы жаңадан пайдалануға берілген балабақшаның құрылысы "Ерке-Есіл" ЖШС-нің қаражаты есебінен жүргізілген. Бөбекжай 200 балаға шақталған десек, елдімекендегі 40 адам жұмыспен қамтылған.

Сурет: Жамбыл облысы әкімінің баспасөз қызметі

Ақсу ауылындағы жаңа балабақшада да 50 бала тәрбиеленіп, 10 адам тұрақты жұмыс істейтін болады.

Сурет: Жамбыл облысы әкімінің баспасөз қызметі

Республика күні мерекесіне орай Шу қаласында 280 орынды "IQ URKER   SCHOOL" жекеменшік мектеп те есігін айқара ашты. Нысан ғимараты екі қабаттан тұрады, оқу кабинеттері, спорт және музыка залымен қамтылған. Білім ошағы мектеп алды даярлық және бастауыш сыныптар бойынша негізгі және қосымша мемлекеттік білім беру бағдарламаларын жүзеге асырады. Жамбыл облысы әкімі баспасөз қызметі

Сурет: Жамбыл облысы әкімінің баспасөз қызметі

Тараз
Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Мемлекет басшысы Ербол Хамитовты III дәрежелі "Барыс" орденімен марапаттады

Мемлекет басшысы Ресей Премьер-министрі Михаил Мишустинді қабылдады

Димаш Құдайберген маңызды үндеу жасады

Дабылды ескерту: Қазақстанда найзағай мен дауыл күтілуде

Қасым-Жомарт Тоқаев: Жаңа Конституция – әр азаматқа тең мүмкіндік пен стратегиялық даму кепілі