Аудан әкімдігі мен аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің ұйымдастыруымен өткен шарада 32 мүмкіндігі шектеулі адаммен қоса, оларды тәрбиелеп отырған қамқоршыларының өз қолымен жасаған бұйымдары тұрғындар назарына ұсынылды.
Сурет: Тасқала ауданы
Қайырымдылық акциясына атсалысқан барлық мүмкіндігі шектеулі жанға аудандық мүгедектер білестігінің төрағасы А.Ғұбайдуллинның атынан алғысхаттар мен сыйлықтар табысталды. Мәдениет үйінің қызметкерлері ән шашу ұйымдастырып, ерекше жандар мен көрермендер қосыла ән шырқады.
Сурет: Тасқала ауданы
"Қайырымдылық жасасаң, қайырын өзің көресің" демекші, Тасқала ауданында қамкөңіл жандарға үнемі көңіл бөлініп, материалдық көмек беріледі. Атап айтқанда, 64 ерекше қажеттілігі бар балаға және 118 мүгедектігі бар адамға аудандық бюджет есебінен 11663,0 мың теңге, демеушілер есебінен 2000,0 мың теңгеге қаржылай көмек көрсетілді.
Сурет: Тасқала ауданы
Қайырымдылық айлығы шеңберінде 859 адамға 4697,0 мың теңге көлемінде демеушілер тарапынан көмек жасалды. Балалар жылы аясында аталмыш ауданда мүмкіндігі шектеулі балалар арасында шығармашылық фестиваль ұйымдастырылып, 4 бала облыстық фестивальге жолдама алды. Ерекше жандарды қолдау мақстандағы жұмыстар жалғасын таба бермек.
Сурет: Тасқала ауданы