Таразда "Оңтүстік" өңірлік қолбасшылығының салтанатты жиыны өтті

25 қазан – Республика күні мерекесіне орай Тараз қалалық Мәдениет үйінде "Оңтүстік" өңірлік қолбасшылығының жеке құрамының салтанатты жиыны өтті, деп хабарлайды Zakon.kz.

Шараға Жамбыл облысының әкімі Нұржан Нұржігітов, «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығы әскерлерінің қолбасшысы генерал-майор Мереке Кучекбаев қатысты.

Жиналғандарға алдымен Репспублика күні мерекесінің маңыздылығы мен тарихына қатысты шағын бейнеролик көрсетілді.

Аймақ басшысы қатысушыларды мерекемен құттықтап, қарулы күш қызметкерлерінің жұмысына сәттілік тіледі.

Баршаңызды елдіктің еңселі мерекесімен шын жүректен құттықтаймын! Бұл күн – дербестіктің, егемендіктің символы. Ұлтымыздың еңсесін көтеріп, рухын асқақтатқан ең құнды мереке. Ата-бабаларымыз ұлт тағдыры үшін, азаттық үшін аянбай күресті. Осы бір қастерлі құндылыққа ұмтылу, күресу – тәуелсіздігіміздің тарихи бастауы болып, 1990 жылы 25-қазанда Қазақстанның Мемлекеттік Егемендігі туралы Декларация қабылданып, еліміз Тәуелсіздік алуға алғашқы қадамын жасады. Осылайша, ұлт мұраты – Тәуелсіздікке қол жеткіздік. Ен даланы еркін жайлаған бабаларымыздың аңсауы, бүгінгі Алаш ұрпағының арманы орындалды. Конституциямыз қабылданып, мемлекеттік Туымыз бен Елтаңбамыз бекітілді. Шекарамыз айқындалып, Қарулы Күштерінің қорғаныс қабілеті  нығайды. Ел әскері мемлекеттің егемендігі мен аумақтың тұтастығын қамтамасыз етіп қана қоймай, заманауи, жоғары жарақтандырылған және ұтқыр әскерге айналды. Еліміз тыныш болса, береке мен бірлік орнайды, халық тыныш өмір сүреді. Жамбыл облысының әкімі Нұржан Нұржігітов

Сурет: Жамбыл облысы әкімдігінің баспасөз қызметі

Салтанатты шарада өңір басшысы бірқатар әскерилерді марапаттады.

Бұдан соң "Оңтүстік" өңірлік қолбасшылығы әскерлерінің қолбасшысы генерал-майор Мереке Кучекбаев және тағы да басқалар құттықтау сөз сөйлеп, марапаттарын табыстады.

Сурет: Жамбыл облысы әкімдігінің баспасөз қызметі

Салтанатты жиын патриоттық сарындағы концерттік бағдарламаға ұласты.

 

Сурет: Жамбыл облысы әкімдігінің баспасөз қызметі

Тараз
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз: