Тараз қаласы әкімдігі баспасөз қызметінің мәліметінше, бүгінгі таңда битум мәселесі өз шешімін тапты. Осыған байланысты жол құрылысы қайта жанданды. Бүгінде жолдың негіздемесін төсеу жұмыстары аяқталуда. Бұдан кейін асфальт төсеу басталады.
Мердігер компания жұмысты жеделдету мақсатында қосымша екі асфальт зауытымен келісімшарт жасады. Сонымен қатар қосымша мердігерлер тартылды.
Сонымен қатар Мәмбет батыр, Ташкент көшелерінің ұзындығы 9,45 шақырымын қайта жаңғырту жұмыстары жобада.
Сурет: Тараз қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі
Мәмбет батыр көшесін қайта жаңғырту бойынша мердігер "Маңғыстау жол-құрылысы материалдары комбинаты" АҚ" ЖШС-мен жұмыстар жүргізілуде (ұзындығы 4,9 шақырым), Мәмбет батыр көшесінде (Сыпатай батыр көшесінен бастап 300 метрде) асфальт жабындысының 1-ші қабаты төселді, қалған теміржол өткеліне дейінгі аралыққа асфальт төселетін болады. Одан арғы жағындағы аралыққа дейін жол негіздемесі әзірленіп жатыр.
Жол жөндеу жұмыстарын уақытылы әрі сапалы аяқтау мақсатында қала әкімдігі тарапынан кешенді шаралар қабылданды.