Алматы облысындағы кісі өлімі: Әкімдік мәлімдеме жасады

Сурет: Zakon.kz
Алматы облысының әкімдігі бір адамның опат болуына әкеліп соққан жаппай төбелеске байланысты мәлімдеме жасады, деп хабарлайды Zakon.kz.

6 қарашаға қараған түні Еңбекшіқазақ ауданындағы аудандық ауруханаға түрлі жарақаттары бар бес ер адам келіп түсті. Анықталғандай, олардың біріне оқ тиген, ал қалған төртеуі өткір заттан жараланған.

Алматы облысы әкімдігінің хабарлауынша, науқастардың бірі алған жарақаттарынан кейін ауруханада қайтыс болды. Ал екеуі алғашқы көмек көрсетілгеннен кейін амбулаториялық деңгейде ем алу үшін үйлеріне босатылды. Тағы екі ер адам жан сақтау бөлімінде жатыр. Олардың жағдайы өте ауыр деп бағаланады.

Осы фактіге сәйкес, ҚР Қылмыстық кодексінің 99-бабы, 2-бөлігі, 1, 6, 7 және 9-тармақтары бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.

Өңірдегі жағдай тұрақты. Жанжал тұрмыстық сипатта орын алған. Алматы облысы әкімдігі

Айта кетсек, алдында өңір полициясының жаппай төбелеске қатысушыларды анықтап, жағдайдың мән-жайын тергеуге кіріскені хабарланған.

Алматы облысы

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қырғызстандық продюсер: қазақстандықтар Канье Уэстті "тартып алды" - енді Шакираның концерті де күмәнді

Алматыда аптап ыстық, Астанада күн күрт суытады: 11–13 қыркүйекке арналған жаңартылған болжам

Астана, Алматы және Шымкенттегі валюта бағамы – 10 қыркүйек

"Үздік педагог" атағын беру тәртібі: не өзгерді

Ақмола облысында салынып жатқан кірпіш зауытынан Қытайдың 75 азаматы ұсталды