"Жасыл желек – жердің көркі". Таразда экологиялық жоба аясында 600 түп тал отырғызылды

Таразда "Біз біргеміз" монументі маңындағы саябаққа "Жасыл желек – жердің көркі" экологиялық жобасы аясында тал отырғызылды. Жергілікті билік қаланы абаттандыру және көгалдандыру жұмысы үнемі күн тәртібіндегі мәселе екенін баса атап өтеді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Қаладағы 14 мөлтек ауданның айналасын көгалдандыру, абаттандыру жоспары бойынша 600 түп ағаш егілді. Оның ішінде көп жылдық қайың, акация, сән ағашы, шаған және шынар, шырша талдары бар.

Бұл талдардың барлығы Тараздың климатына бейім ағаштар.

Сурет: Тараз қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

Экологиялық іс-шараға қалалық әкімдіктің бөлім басшылары мен қызметкерлері, "Жасыл ел Тараз" мекемесінің қызметкерлері ат салысты.

Сонымен қатар ағаш егу жұмыстарына арналған техникалар да тиісті жұмыстар атқарды.

Сурет: Тараз қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

Айта кетерлігі, ағаш отырғызу алдында көшеттерді суару мәселесі шешілген. Бұл аумақта 2 су құдығы мен сорғылар орнатылды. Тамшылатып суару жүйесі ішінара жүргізілді.

Сурет: Тараз қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

Алдағы уақытта осы аймаққа жоба аясында жеміс ағаштарын отырғызу жоспарланған.

Қаланы көріктендіру, көгеріштендіру жұмыстары ары қарай да жалғасын табады.

Сурет: Тараз қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

Тараз
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз: