Ақтөбе әкімі қаланың ескі бөлігінің тұрғындарымен кездесу өткізді

Бүгін Ақтөбе қаласының әкімі Асхат Шахаров пен Алматы ауданының әкімі Медет Ысқақов қаланың ескі бөлігінің (Құрмыш, ГМЗ) тұрғындарымен №62 орта мектеп залында тұрақты кездесу өткізді, деп хабарлайды Zakon.kz.
“Біздің шаһарымыз ескі қаладан басталды. Ескі қала - Ақтөбенің тарихи ауданы. Мұнда 14 тарихи ғимарат бар. Бәрін де қайта қалпына келтіріп сақтап қалуымыз керек. Бұдан бөлек, көп қабатты үйлердің аула аумақтарын абаттандыру, үйлерді бояу, көшелерді, қоғамдық кеңістіктерді жөндеу жұмыстарын қолға алдық. Облыс әкімінің тапсырмасы бойынша Қазақстан урбанистерінің қауымдастығымен бірге келесі жылы ескі қаланы қалпына келтіру бойынша ауқымды жобаларды жүзеге асыратын боламыз”. Ақтөбе қаласының әкімі Асхат Шахаров

Бүгінгі шара барысында осыған дейінгі кездесулерде көтерілген 10-нан астам мәселе бойынша Алматы ауданының әкімі жасалған жұмыстарды баяндады.

“Ескі қала тұрғындары Диірменді және Жұмысшы көшелеріне көше жарығын орнатуды сұраған болатын. Қала аумағында 9 мың жарық шам орнату бойынша 3 жылға арналған жобаның жобалық сметалық құжаттамасы әзірленіп, мемлекеттік сарпатаманың оң қорытындысы алынды. Жобаның сметалық құны 5,7 млрд теңге құрайды. Қазіргі таңда бюжеттік өтінім тапсырылды. Қаржы көзінің бөлінуіне орай Диірменді және Жұмысшы көшелерінің жарықтандыруын жұмыс жоспарына енгізіледі. Сонымен қатар, тұрғындар Кереев, 8 үй мен Жанқожа батыр көшесінің қиылысына асфальт жабындысын төсеуді сұраған болатын. Биыл ол жерде ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізілді. Сол сияқты, Тахауия Ахтанов көшесіне "Нұрлы жол" ЖШС мердігер ұйымы орташа жөндеу жүргізді”, - деді Медет Ысқақов.

Сурет: Ақтөбе қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

Сондай-ақ биыл Набережная көшесі, № 85-87 үйлердің аула ішілік жолдары жөнделді. Енді тұрғындардың сұранысы бойынша аула ішіндегі футбол алаңы "Халық қатысатын бюджет" бағдарламасы аясында 2023 жылы жөнделеді. Өткен кездесулерде көтерілген тағы бір мәселе, қоқыс контейнерлерінің аздығы туралы болған еді. Зауыт және Интернациональная көшелерінің қиылысына тұрмыстық қатты қалдықтарға арналған қоқыс контейнерлері қойылды. Сүт зауыты (ГМЗ), Құрмыш аудандарында 130 контейнер жаңаларына ауыстырылып, сонымен қатар жеткіліксіз орындарға қосымша жаңадан қойылды.

Ал саябақтар мен аялдамаларға 156 қоқыс жәшігі орнатылды. Оның ішінде, Жангелдин сквері, Берсиев сквері, Берсиев, Ембі, Гастелло көшелері, Қарғалы тұрғын алабының Сәтбаев көшесі, К.Нокин даңғылы және т.б. көшелерде орналасқан аялдамалар бар.

Сурет: Ақтөбе қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

Кездесуден кейін қала әкімі және барлық бөлімдер басшылары тұрғындарды жеке сұрақтары бойынша қабылдау өткізді. Қала әкімі қабылдауына келген 34 тұрғынның мәселесін заң аясында қарап, берілетін қолдаулар мен мүмкіндіктерді түсіндірді.

Ақтөбе
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз: