Компания басшысы Зия Талғатов осындай қиын уақытта "TechnoGrad" компаниясы зардап шеккен екібастұздықтарға қолдан келгенше көмек көрсетуге өз үлесін қосу туралы шешім қабылдап, шетте қалмайтынын атап өтті.
Қазір 500 радиатор (жылытқыш құрылғылар) тиелген жүк көлігі жолға шықты. Біздің компания қайырымдылық жұмыстарымен белсенді айналысады. Жыл сайын бюджеттен халықты әлеуметтік қолдауға деп, атап айтқанда, мектептер, үйлер, мешіттер салуға және шалғай елдімекендегі балаларға сыйлықтар беру үшін шамамен 30 миллион теңге бөлінеді. Жалпы, егер жақыңызға көмектесуге мүмкіндігіңіз болса, оны жасаймын деп жатсаңыз, ешкім сізге қолбайлау болмайтынын атап өткім келеді. Ең қиын сағатта адамдардың бір- бірін қолдауы бірлігін арттырып, елімізді күштірек ете түседі, - дейді "TechnoGrad" компаниясының басшысы Зия Талғатов.
Сурет: Алматы облысы әкімдігінің баспасөз қызметі
Сондай-ақ, бизнесмен логистика және коммуникация мәселесі жағынан Алматы облысының әкімдігі қолдау көрсеткенін баса атап өтті.
Сурет: Алматы облысы әкімдігінің баспасөз қызметі
Бүгіндері бұл радиаторлар Екібастұз қаласы тұрғындарының өтініміне сәйкес таратылып үлгерген. Екібастұз қаласы әкімінің орынбасары Мариям Маликова атап өткендей, өте керек техника Бауыржан Момышұлы мен Мәшһүр Жүсіп көшесіндегі көппәтерлі үйлердің тұрғындарына таратылған.