Екібастұзда көпқабатты тұрғын үйлерде шамамен 1 200 отбасы жылусыз отыр

Одан бөлек жылусыз отырған жеке сектордағы отбасылар бар. Бірақ оның нақты санына қатысты бүгін кешке өткізілген жедел штабтың арнайы брифингісінде жауап берілмеді, деп хабарлайды Zakon.kz.
Жылу желілерін қалпына келтіру жұмыстарында, әрине, бірінші кезекте көпқабатты тұрғын үйлерге басымдық берілді. Қазір көпқабатты тұрғын үйлердің жертөлелерінде жұмыстар толықтай ыңғайлы деп айта аламыз. Бұл - қатқан ауыз су құбыры, кәріз жүйелері және тағы басқасы. Енді барлық үйлер біртіндеп жылу желілеріне қосыла бастады. Қосылмағаны - 12 тұрғын үй. Бірақ олардың арасында жылу беріліп қойған пәтерлер бар. Яғни, ішінара қосылған, бүтіндей емес, сондықтан оларды жылу берілмеген тұрғын үйлер қатарына жатқызып отырмыз. Екібастұз қаласының әкімі Аян Бейсекин

"Жылу желісіне қосылмаған 12 тұрғын үйде қанша пәтер бар" деп тілшілердің бірі заңды сауалды ортаға тастады.

"Шамамен 1 200 пәтер", - деді қала әкімі.

"Жылу бердік деген үйлер мұздап отырғанын айтады, бұған не дейсіздер, сіздер ұсынып отырған цифрлар жалған емес пе", деген тағы бір сауал ортаға тасталды.

"Жоқ, біздің цифр - нақты. Бұл арадағы қазіргі мақсат - барлық тұғын үйді жылу желісіне қосу. Осы жұмыс аяқталған соң біз қысымды теңестіру жұмысына кірісеміз. Мысалы, қазір жылу берілген пәтердің кейбірі ыстық, терезелерін ашып отыр. Кейбірі - орташа, ал тағы бірінде жылу құбырын ұстасаңыз - қан жылым. Сондықтан бұл арада осындай да проблема болуы мүмкін. Біз шамамен 2-3 күннен кейін осы жағын реттеуге кірісеміз. Яғни тұрғын үйлерді толығымен жылу желісіне қосып бітпейінше, ол жағына кірісе алмаймыз", - деді қала әкімі.
Павлодар
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз: