Ақтөбе облысында көмірсутек шикізатын қайта өңдеу бойынша мұнай-химия кешені салынады

Сурет: pixabay
Астанада өткен «Investment Aktobe-2022» VII Халықаралық инвестициялық форумы барысында «Рetrochemical enterprise «GEM» ЖШС өңірдің мұнай-химия саласын дамытуға қызығушылығын білдірді.

Ақтөбе облысының әкімі Ералы Тоғжанов пен «Рetrochemical enterprise «GEM» ЖШС компаниясының директоры Михаилас Барильчук Мұғалжар ауданының Жем қаласында мұнай-химия кешенін салу жөніндегі жобаны іске асырудағы өзара іс-қимыл туралы тиісті құжатқа қол қойды.

Айта кетейік, ауқымды жоба Мемлекет басшысының мұнай-химия секторын дамыту, қосылған құны жоғары өнім шығару туралы тапсырмасын орындау аясында іске асырылады.

Инвестор 200 МВт көлемінде электр энергиясын өндіру жөніндегі энергетикалық блогы бар мұнай-химия өнімін өндіру үшін мұнай шикізаты мен газды қайта өңдеуді жүргізеді. Қуаттылығы жылына 5 млн. тонна болатын кәсіпорында 1000 жұмыс орны құрылады.

«Рetrochemical enterprise «GEM» ЖШС жобаны іске асыруға әлемге әйгілі бірнеше компанияны, соның ішінде өнеркәсіптік және азаматтық құрылысқа мамандандырылған Lotte Engineering & Construction Co., Ltd компаниясын тартуға ниетті.

2027 жылы пайдалануға берілетін жобаның құны - 1,5 трлн теңге. Ақтөбе облысының әкімдігі өз тарапынан жобаны іске асыруда жан-жақты қолдау көрсетуге дайын.

«Investment Aktobe-2022» форумына 30-дан астам елдің дипломатиялық миссиялары, Үкімет мүшелері, ұлттық холдингтер мен компаниялардың, қаржы институттарының, трансұлттық корпорациялардың басшылары, ірі шетелдік және отандық бизнес өкілдері, ғалымдар мен сарапшылар қатысты.

Халықаралық іс-шара өңірдің инвестициялық әлеуетін таныстыру, қолайлы инвестициялық имиджді ілгерілету, сондай-ақ Ақтөбе облысының экономикасына отандық және шетелдік инвестициялардың келуін одан әрі ынталандыру мақсатында ұйымдастырылды.

Ақтөбе
Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қасым-Жомарт Тоқаев Түркістан облысындағы қайғылы жағдайға қатысты көңіл айтты

Қасым-Жомарт Тоқаев 2025 жылды Жұмысшы мамандықтары жылы деп жариялады

Түркістан облысында болған өрттен 12 адам қаза тапты

Елордалық фельдшер, марқұм Ұлдана Мырзуан "Ерлігі үшін" медалімен марапатталды

Ақмарал Әлназарова қызмет бабында қаза тапқан Ұлдана Мырзуанның отбасына көңіл айтты