Екібастұздағы ЖЭО апаты: тағы бір тұрғын үй кешеніне жылу берілді

Сурет: Zakon.kz
Павлодар облысы әкімінің міндетін уақытша атқарушы Олег Крук брифингте Екібастұздағы қазіргі жағдай туралы айтып берді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Олег Крук 6 желтоқсанда сағат 18:15-те Сәтбаев 8 мекенжайындағы тұрғын үй кешенінде батареяларды орнату және құбырларды жөндеу аяқталғанын хабарлады.

"Мұнда алты корпус, 20 подъезд бар. Қазір үйге түгел жылу беріліп, жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Мәшһүр Жүсіп 52-де жұмыстар жалғасуда, мұндағы 20 подъездің 14-і іске қосылды, 6 подъезде осындай жұмыстар жүргізіліп жатыр. Жөндеу түні бойы жүргізіледі, ертең сағат 08:00-ге дейін аяқтауды жоспарлап отырмыз". Павлодар облысы әкімінің міндетін уақытша атқарушы Олег Крук

Ол осы екі үйде жылу жүйесін қалпына келтіруге неге көп уақыт кеткенін түсіндірді. Оның сөзінше, басқа үйлермен салыстырғанда, мұндағы батареялар толығымен ертілілген. Құбырлар мен батереяларда су қалып кеткен, сол себепті барлық қабаттағы, пәтердегі құбырлар мен батереялар ауыстырылған.

Спикер сонымен бірге бүгін сумен жабдықтауды қалпына келтіру бойынша қызу жұмыс жалғасып жатқанын айтты.

27 қараша күні түнде Екібастұздағы апатқа байланысты жылу мен ыстық су өшті. Энергетика министрлігі жылу құбырларының 70%-дан астамы әбден тозғаны туралы хабарлады.

28 қарашада Екібастұзда төтенше жағдай режимі жарияланды.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

"Бірнеше өңірде күн күрт суытады". Еліміз бойынша 26 қазанға арналған ауа райы болжамы

Атырау облысының әкімі Болат Ақшолақов Мемлекеттік ту көтеру рәсіміне қатысты

Бурабайда тау басына шыққан ер адамның денсаулығы нашарлап, құтқару жасағы аяғынан тік тұрды

Айдос Сұлтанғали Олимпиада жүлдегерін жеңіп, әлем чемпионатында қола медальға ие болды

"Аяз, тұман, көктайғақ". Дүйсенбіде еліміздің 16 өңірінде дауылды ескерту жарияланды