Оқиға орнынан түсірілген видеоны журналист Instagram-дағы парақшасында жариялады. Кадрларда жұмысшылардың мемориалды қызыл лентамен қоршап, жұмыс істеп жатқаны көрсетілген.
"Қаңтар оқиғасына арналған жақында ашылған мемориал жөндеуге жабылды. Бұны түсінбейсіздер. Бұл сондай идея", - деп жазды ол видео сипаттамасына.
Zakon.kz тілшісі Алматы әкімдігінің баспасөз қызметінен түсініктеме сұрады.
"Мемориал жабылған жоқ және жабылмайды. Белгілі бір аймақтарда мамандар түсініктемелер бойынша шағын жұмыстар жүргізіп жатыр".Алматы әкімдігінің баспасөз қызметі
23 желтоқсанда мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Алматыдағы Республика алаңында қаңтар оқиғасы құрбандарына арналған "Тағзым" мемориалын ашты.
Тағзым мемориалының орнатылатын жері кездейсоқ таңдалмаған. Кешен 5 қаңтарға қараған түні бүкіл Қазақстанды дүр сілкіндірген қайғылы оқиға болған жерге жасалды.