Ақтөбедегі жылусыз қалған көпқабатты үйлерге жылу берілді

Сурет: Zakon.kz
Ақтөбедегі барлық үйге жылу толық берілді. Бұл туралы Ақтөбе облысы әкімі аппараты басшысының орынбасары Ержан Байтанаев айтты, деп хабарлайды Zakon.kz.
2023 жылғы 7 қаңтарында жөндеу-қалпына келтіру жұмыстарын жүргізу қажеттілігі туындап, Ақтөбе қаласындағы Әбілқайыр хан даңғылы мен М.Оспанов көшесінде орналасқан бірқатар көппәтерлі тұрғын үйлерде уақытша шектеулер енгізілді.
"Қабылданған жедел тиісті шаралардан кейін барлық үйлерге жылу лезде толық көлемде берілді. Айта кету керек, ауа райының қолайсыздығына байланысты Ақтөбедегі тіршілікті қамтамасыз ету кәсіпорындары мен ұйымдарында қосалқы апаттық-қалпына келтіру жасақтарының дайындығы жоғары, олар төтенше жағдайларда қолданылатын механизмдермен және материалдармен қамтамасыз етілген", - деп жазды Ержан Байтанаев Facebook-те.
Жылу, электр, сумен жабдықтау және газбен жабдықтау сияқты негізгі көздер, сонымен бірге Ақтөбенің жылу желілері штаттық режімде жұмыс істеуде және жағдай жергілікті мемлекеттік органдарының тұрақты бақылауында болады.
Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстандық музыкант Сеул сахнасын бағындырды

Президент: "Заң мен тәртіп" тұжырымдамасы – еліміздің жарқын болашағын құрудың маңызды тетігі

Алматыда самокаттарға қатысты рейдтер жалғасып жатыр

Оралды қалың қара түтін басып, аспаннан күл "жауды" - видео

Қазақстанда салық нысандарының бірі жаңартылады