Қазақстанда салық нысандарының бірі жаңартылады
Фото: freepik
ҚР Қаржы министрлігі "Тауарларды әкелу және жанама салықтарды төлеу туралы өтініш" нысанына (328.00-нысан) түзетулер әзірледі, деп хабарлайды Zakon.kz.
Атап айтқанда:
- валюталық шарттың (келісімшарттың) есептік нөмірі мен жасалған күнін көрсетуге арналған жолдарды қосу;
- қосылған құн салығын цифрлық теңгемен төлеуді көрсету мүмкіндігін қарастыру;
- нысанды Салық және Цифрлық кодекстерге сәйкестендіру ұсынылады.
Түсіндірілгендей, өзгерістер экспорттық-импорттық операциялар кезінде валютаны репатриациялауды бақылау функцияларының Мемлекеттік кірістер комитетіне берілуіне, сондай-ақ "Цифрлық ҚҚС" пилоттық жобасының іске асырылуына байланысты.
Жаңартылған нысан құжаттық тексерулер санын көбейтпей-ақ қашықтан салықтық бақылауды күшейтуге, сыртқы экономикалық қызметтің ашықтығын және салықтық әкімшілендірудің тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді деп күтіледі.
Құжат "Ашық НҚА" порталында 11 тамызға дейін жария талқылауға орналастырылды.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript