Алматы әкімдігі үй төбесіндегі мұзға байланысты үндеу жасады

Алматыда көпқабатты тұрғын үйлердің төбесіне мұз жиналды. Осыған байланысты оңтүстік астана әкімдігі қала тұрғындарына үндеу жолдады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Әкімдік ғимарат не үй төбесінде мұз тұрғанын көрсе, тұрғындар травматикалық жағдайларды болдырмау үшін сервистік басқару органына (Мүлік иелері қауымдастығы, Пәтер иелері кооперативі, ЖШС және т.б.) хабарласуды сұрайды.

"Қауіпсіздік мақсатында карниздің, балконның және қар немесе мұз түсуі мүмкін басқа заттардың астында тұру ұсынылмайды. Сонымен қатар ескерту лентасымен қоршалған жерлерді айналып өту керек".Алматы әкімдігінің баспасөз қызметі

Қызметті басқару органы тиісті жауап бермеген жағдайда алматылықтар "Алматы қаласының коммуналдық инфрақұрылымын дамыту басқармасы" КММ +7 (727) 225-14-31, сонымен қатар мына телефондар арқылы хабарласа алады: 


Сурет: Алматы әкімдігі


Жұмыс уақыты: дүйсенбі – жұма; 9:00 - 18:00.

2023 жылдың 12 қаңтарында Алматының Төтенше жағдайлар департаменті оңтүстік астана тұрғындары мен қонақтарына үндеу жолдады. Қатты аяздың -25 градусқа дейін төмендеуіне байланысты тұрғындарға көшеге, қала сыртына ұзақ сапарға шықпау, гипотермияға жол бермеу, көшеге шыққанда қалың киіну ұсынылды.

Алматы Қазақстан
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз: