Алматыда кино түсірілуіне байланысты бірнеше көше уақытша жабылады

Алматылықтарға 15 қаңтардан 19 қаңтарға дейінгі аралықта өз жүрісін алдын ала жоспарлап алуға кеңес беріледі. Өйткені бұл күндері қалада кино түсірілуіне байланысты бірнеше көше уақытша жабылады. Бұл туралы Zakon.kz-ны Алматы қалалық әкімдігі хабардар етті.

Қаладағы мына көшелер белгілі бір уақытқа дейін уақытша жабылады:

- 15 қаңтар күні сағат 10-нан 14.00-ге дейін – Жібек жолы көшесі, Бұзырбаев көшесінен Горький атындағы саябаққа дейін;

- 16 қаңтарда сағат 19.00-ден 02.00-ге дейін – Тимирязев көшесі Жандосов көшесінен Розыбакиев көшесіне дейін;

- 18 қаңтарда сағат 01.00-ден 06.00-ге дейін – Бөгенбай батыр көшесі Достық көшесінен Уәлиханов көшесіне дейін;

- 18 қаңтар және 19 қаңтар сағат 03.00-ден 07.00-ге дейін – Құрманғазы көшесі Назарбаев даңғылынан Төлебаев көшесіне дейін.

Түсірілім барысында түтін, пиротехникалық құралдар қолданылады, сондай-ақ қатты әрі шұғыл дыбысты көріністер болады. Кейде адамдар көп жиналатын түсірілімдер болады.


"Кино тобы түсірілім басталардан бірнеше күн бұрын жақын маңдағы үйлердің тұрғындарын хабардар етуге, сондай-ақ ақпараттық белгілерді тікелей орындарда пайдалануға міндеттенді. Осыған байланысты қала тұрғындары мен қонақтарынан түсірілім процесіне түсіністікпен қарауды сұраймыз", делінген хабарламада.

Алматы
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз: