Алматы қаласының әкімі Ерболат Досаевтың Бостандық ауданы тұрғындарымен болған кездесуінің бірінде аталған жер учаскесін мемлекеттік меншікке алып қою және саябаққа абаттандыру жұмыстарын жүргізу қажеттілігі туралы бастама көтерілген болатын.
"2022 жылдың 5 қазанда Алматы қаласы Мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының шешімімен әкімдіктің жер учаскесін мемлекет қажеттілігіне қайтару жөніндегі талабы қанағаттандырылды, өтемақы сомасы 2 338 817 000 теңге мөлшерінде айқындалды (сарапшылардың 2022 жылғы 21 қыркүйектегі № 5386 қорытындысына сәйкес). 2022 жылғы 22 желтоқсанда Алматы қалалық соты бірінші сатыдағы соттың шешімін өзгеріссіз қалдырды. 2023 жылғы 13 қаңтарда өтемақы сомасы Jusan Property ЖШС-ға аударылды". Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі
Қазіргі кезде Алматы қаласының Экология және қоршаған орта басқармасы "Оңтүстік" саябағын абаттандыру бойынша жобалық-сметалық құжаттаманы әзірлеу үшін қажетті құжаттарды дайындап жатыр.
2007 жылы Бостандық ауданындағы Си Синхай көшесінің оңтүстігінде, Жароков көшесінің шығысында (кад. № 20-313-011-518) жер телімі көпқабатты тұрғын үй салу және пайдалану үшін Turkuaz Invest ЖШС-нің жеке меншігіне берілген болатын (Алматы қаласы әкімдігінің 08.11.2007 ж. №9/1097-39 қаулысы). Кейін учаске Jusan Property ЖШС-ға берілді.
2022 жылдың қазан айында Алматыдағы "Барыс-4" базары мемлекеттік меншікке өтті.