Мұнда облыс басшысы жылу желілеріндегі жұмыстардың сапасын бағалап, жедел штаб отырысын өткізді. Қала әкімі Аян Бейсекин, Екібастұз ЖЭО директоры Дмитрий Захаров және "Павлодарэнерго" АҚ Бас директоры Владимир Лесин баяндама жасады.
"Келесі аптаның басында олар халыққа уәде етілген жылу төлемдерін қайта есептеу алгоритмін ұсынуы керек. Тұрғын үйлердің кіреберістерінде жылуды қалпына келтіру жұмыстарының басталуын мақұлдадым. Қажетті радиаторлар бар. Алдағы көктемгі-жазғы жөндеу науқанына да материалдар сатып алуға кірісуді тапсырдым" деп жазды Айсайын Байханов Instagram-дағы парақшасында.
Сондай-ақ облыс басшысы Екібастұз супермаркеттерінің біріне барғанын да айтады.
"Жергілікті баға саясаты қанағаттандырмады - Павлодарға қарағанда он жұмыртқа 110 теңгеге қымбат. Жарма, қант, макарон өнімдерінің құны да жоғары. Екібастұзда әлеуметтік маңызы бар азық-түлік бағасының негізсіз өсуімен айналысуға бұйрық бердім" делінген әкім жазбасында.