Ақтөбе облысындағы жеті ауыл мен бір қала жарықсыз қалды

Сурет: pixabay
Ақтөбе облысындағы Алға қаласы мен жеті ауыл жарықсыз қалды. Аудандағы электр орталығы өртеніп, бір трансформатор толық істен шықты. Жарыққа жауапты мамандар станцияны ыстан тазартып, сақтық қорында тұрған қос қондырғыны іске қосып жатыр, деп хабарлады Zakon.kz.

"Ақтөбеден бүкіл бригада келіп, өрт сөндіру қызметін шақырды. Жұмыс түске дейін жүргізілді. Қазір қорда үш трансформатор – 3Т, 4Т. Үш пен екісі істен шықты. Үш пен төртіншісі сақтық қорында. Соны іске қосып жатыр". "Энергосистема" ЖШС бас инженері Әнуарбек Алмағанбетов

"Астана" телеарнасының хабарлауынша, от электр бекетіндегі трасформатордан тұтатыныпты. Оны дереу сөндіргенімен, Алға ауданын жарықпен қамтып отырған қондырғылар істен шыққан. Соның кесірінен 7 мыңға жуық нысан жарықсыз қалды. Оның ішінде 100-ге жуық көпқабатты үй бар.

Аудан орталығындағы осы көпқабатты үйлерде электрден бөлек, су да болмай қалды. Себебі су тартатын сорғылар электр қуатымен жұмыс істейді. Жарық болмаған соң балабақшалар да жабылды. Мектептерде үшінші сабақтан соң оқушылар үйіне қайтарылған. Қазір электр желілерін кезекпен қосып жатыр.

"Балабақшаны таратуды жөн деп шештік. Себебі бүлдіршіндердің түскі асы бар. Су болмай қалу себебі, су қорын беретін бар жүйе электр желісіне байланысты болып отыр".Алға ауданының әкімі Нұрбол Ержанов
Қазақстан
Ақтөбе

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Жерде геомагниттік толқулардың жаңа толқыны күтіледі: болжам туралы не белгілі?

26 қазанда Астана мен Алматыдағы ақша айырбастау орындарында доллар, еуро және рубль қанша тұрады

Аралға құстар қайта оралып жатыр: тартылған теңіз жағалауындағы жаңа тіршілік

11 градусқа дейін аяз: Қазақстанның қай өңірлерінде үсік жүреді

Қызылордада жасөспірім бұрауыш жарақатынан көз жұмды: қайғылы оқиғаға 1000 теңге себеп болуы мүмкін