Петропавлдағы төтенше жағдай: Жансақтау бөліміне түскен қос бала палатаға ауыстырылды

Солтүстік Қазақстан облысы әкімінің бірінші орынбасары Марат Тасмағанбетов Петропавл мектебінде болған оқиғаның мән-жайын баяндап, зардап шеккен оқушылардың жай-күйінен мәлімет берді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Марат Тасмағамбетов оқыс оқиға орын алған Петропавлдағы №4 мектеп әкімшілігі шұғыл әрекетке бірден көшкен: Жедел жәрдем көлігін шақыртып, "дабыл" белгісін іске қосқан. Соның арқасында оқиға орнына күзет агенттігінің кезекші тобы 3 минутта келіп жеткен. 

"Мектеп дәрігері алғашқы медициналық көмек көрсетті. Зардап шеккендердің үшеуінің екеуі ауруханаға жатқызылды, қазіргі уақытта олар жансақтаау бөлімінен жалпы палатаға ауыстырылды, кәмелетке толмағандардың жағдайы қанағаттанарлық деңгейде". Марат Тасмағанбетов

Ол қазіргі уақытта аталған мектепте психологтар жұмыс істеп жатқанын айтты.

13 ақпанда Петропавл қаласындағы мектептердің бірінде тоғызыншы сынып оқушысы балтамен сабаққа келіп, үш баланы жарақаттады. Олардың екеуі ауруханаға түсті. Кейбір мәліметтерге сәйкес, шабуылдаушы оқушы күйзеліске ұшырап, дәрігердің есебінде тұрған. 

Кейінірек баланың 15 жаста екендігі белгілі болды, ол "Күйзеліс" диагнозымен психиатриялық есепте тұрған. Қаланың №4 орта мектебінде 2022 жылдың қараша айынан бастап оқи бастапты. Мектеп директорының айтуынша, тоғызыншы сынып оқушысы өзінің қабілетіне қарай білім алып, тыныш және аса сабырлы бала болған.

ҚР Білім министрлігі Петропавлдағы төтенше жағдайдан кейін еліміздің барлық мектебінде қауіпсіздік бойынша тексерулер жүргізілетінін хабарлады.

Прокурорлар оқушы "Орман отаушы" ойынын ойнап жүрген болуы ықтимал нұсқаның тексерілетінін айтты.

Петропавл
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз: