Әлеуметтік желідегі Байқоңырға қатысты ақпарат шындыққа жанаспайды - қала әкімшілігі

Сурет: ғарыш айлағының баспасөз қызметі
"Байқоңыр қаласының тұрғындарына "Украинадағы соғысқа қатысқаны үшін" ақша ұсынып, үгіттеу жұмыстары жүргізіліп жатыр" деген ақпаратқа қатысты қала әкімшілігі түсінік берді, деп хабарлайды Zakon.kz.
"Қазіргі уақытта әлеуметтік желілерде Байқоңыр қаласының тұрғындарына "Украинадағы соғысқа қатысқаны үшін" ақша ұсынып, үгіттеу жұмыстары жүргізіліп жатыр" деген ақпарат шындыққа жанаспайды. Байқоңыр қаласы әкімшілігі басшысының 2023 жылғы 07 ақпандағы №49 қаулысына сәйкес, мобилизацияға тартылған Байқоңыр қаласындағы азаматтарға, сондай-ақ арнайы әскери операцияға қатысуға ниет білдірген және әскери қызметті өткеруге келісімшарт жасасқан адамдарға әлеуметтік қолдау шарасы ретінде 260 (екі жүз алпыс) мың рубль мөлшерінде біржолғы ақшалай төлем белгіленген". Байқоңыр қаласының әкімшілігі


Сондай-ақ Ресей Федерациясы Президентінің 2022 жылғы 21 қыркүйегіндегі  №647 "Ресей Федерациясында ішінара мобилизация жариялау туралы" Жарлығына сәйкес, тек Ресей Федерациясының азаматтары әскери қызметке шақырылатыны да нақтыланады.

Сондай-ақ, ерікті түрде әскери қызметші ретінде мобилизацияға немесе арнайы әскери операцияға қатысу үшін Ресей Федерациясының 60 жасқа дейінгі ер азаматтары шақырылуы мүмкін.


Осылайша, Байқоңыр қаласы әкімшілігі басшысының жоғарыда аталған Қаулысына сәйкес, әлеуметтік қолдау шарасы ретінде 260 (екі жүз алпыс) мың рубль мөлшерінде біржолғы ақшалай төлем тек Байқоңыр қаласының тұрғыны болып табылатын Ресей Федерациясының азаматтарына қолданылады, делінген ресми хабарламада.

Айта кетсек, Үкіметаралық келісімге сәйкес, Байқоңыр қаласының тұрғыны болып қала аумағында тұратын және Байқоңыр қаласының әкімшілігінде тіркелген Қазақстан Республикасының азаматы немесе Ресей Федерациясының азаматы танылады.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Әр адамға 8 сағат ұйқы қажет емес: маман ұйқы режимі туралы айтты

9 қыркүйекте Астана, Алматы және Шымкенттегі ақша айырбастау орындарында валюта бағамы қандай

Желідегі видео: жолда көліктерімен ойына келгенін істеген топ жас полицияға жеткізілді

Әли Оқапов "Құрмет" орденіне қатысты дау-дамайдың салдары туралы айтты

Ержан Байтілес Қазақстан президенті баспасөз хатшысының орынбасары болды