Таразға қала маңындағы екі саяжай қосылады

Сурет: Zakon.kz
Биыл Тараз қаласына 14 елдімекен мен Байзақ және Жамбыл аудандарының екі саяжайы қосылады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бас жоспар үкіметте бекітілсе, 44 мыңнан аса ауыл тұрғыны қалалық тіркеуге ауысады. Жоспарға сәйкес шаһар көлемі 30 мың гектарға дейін өседі, деп хабарлайды 24kz.

Қала территориясы 30 мың гектарға дейін артады деп жоспарлануда, ал 2025 жылға қарай оны екі әкімшілік орталыққа бөледі. Қаланың кеңеюі үш жаңа ықшам аудан құруға мүмкіндік береді. Олардың құрылысы 2023 жылдың соңына жоспарланған.

"14-ші ықшам ауданда біз 64 көпқабатты тұрғын үй салуды жоспарлап отырмыз. Бұл, негізінен, коммерциялық болады, яғни 7-ден 12 қабатқа дейін. Сонымен қатар, бізде "Жайлы мектеп" бағдарламасы аясында жаңа мектеп салу жайы қарастырылған. Сауда орталықтары, спорт кешендері және спорт алаңдары сияқты денсаулық сақтау және коммерциялық нысандар да бар. Биыл алғашқы үйлердің құрылысын қолға алуды жоспарлап отырмыз. Бүгін біз аукционға құжаттар дайындап жатырмыз, яғни инвесторлар тарту үшін". Тараз қаласының әкімі Бақытжан Орынбеков

Тараз әкімдігінің мәліметінше, қалада Орталық Азиядағы ең ірі аквапарк салу жоспарланған. Оның құрылыс жұмыстары бүгіндері басталып кеткен. 

Тараз

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Тоқаевқа республикалық референдум нәтижесіне орай құттықтау жеделхаттары түсті

Алматыда бірқатар шағын аудандар мен көшелердің атауы өзгерді 

Мемлекет басшысы Қазақстан халқын Наурыз мейрамымен құттықтады

17 наурызда елдің қай өңірлерінде ауа райына байланысты ескерту жасалды

Павлодарда зейнеткерді тонамақ болған күдікті ұсталды