Ақтаудың әкіміне 172 500 теңге көлемінде айыппұл салынды

Бұрын заңды күшіне енген сот шешімін орындамағаны үшін Ақтау қаласының әкімі Ербол Ізбергеновтің 172 500 теңге көлемінде айыппұл төлеуіне тура келеді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Маңғыстау облысының мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотының баспасөз қызметінің мәліметінше, бұған дейін Маңғыстау облысының мамандандырылған ауданаралық әкімшілік соты ЖШС-нің Ақтау қаласы әкіміне берген талабын қанағаттандырған. Сот Ақтау әкімінің жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгертуден бас тартуын ЖШС-нің біріне заңсыз деп таныған және қала әкіміне бір ай ішінде ЖШС пайдасына қолайлы әкімшілік акт қабылдауға міндеттеген. Алайда сот шешімі сот көрсеткен мерзімде орындалмады.

"Жеткілікті уақыт өткеніне қарамастан, жауапкер сот шешімін орындау бойынша шаралар қабылдаған жоқ. Әкімшілік кодекстің талаптарына сәйкес сот шешімдерін орындау соттың бақылауында болады және оларды орындаудан жалтару 50 АЕК мөлшерінде ақшалай өндіріп алуға әкеп соғады. Осыған байланысты сот Ақтау қаласының әкіміне жеке өзі 50 АЕК мөлшерінде ақшалай өндіріп алу туралы шешім шығарды, бұл 172 500 теңгедей", деп соттың баспасөз қызметіне сілтеме жасап Astana.tv хабарлайды.

Әкім өндіріп алынушы соманы бес күн ішінде төлеп, сот шешімін 10 күн ішінде орындауы тиіс, әйтпесе өндірілетін сома тағы 10 АЕК көлемінде еселенеді.

Ақтау
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз: