Қарағанды ​​облысының мұқтаж отбасыларына көмір таратылды

Сурет: Индрустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі
Қарағанды ​​облысы Нұра ауданындағы 18 отбасына бір тонна көмір тегін берілді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Қарағанды ​​облысы әкімдігінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, игі шара облыстық Жұмыспен қамту басқармасының қолдауымен ұйымдастырылды. Отбасыларға көмірді ең ірі жылу көмір өндірушісі жеткізген.

Жергілікті тұрғын Анжелина Приностың айтуынша, ол жылда қыс мезгіліне 8 тонна көмір сатып алады. Бірақ бұл суық ауа райының барлық кезеңіне жетпейді. 

"Кейде сапасыз көмір кездеседі. Ол нашар жанады. Көмірдің бұл сорты әрқашан жоғары сапалы болды. Компанияның бізге көмектескені өте қуанышты", - дейді Анжелина Принос.

Бүгінде әйел ерекше қажеттігі бар сәбиді тәрбиелеп отыр. 

2022 жылдың қыркүйегінен бастап Қазақстанға автомобиль көлігімен көмір әкелуге тыйым салынған. Тыйым салу аяқталмай тұрып, Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі тыйымды тағы 6 айға ұзарту туралы бұйрық дайындады. Тыйым халықты және бюджет секторын көмірмен қамтамасыз етудегі дүрбелеңді жою үшін енгізіліп отыр.

Қазақстан
Қарағанды

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Астана, Алматы, Шымкент. Алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

"Үздік педагог" атағын беру тәртібі: не өзгерді

"Тұман түсіп, қатты жел тұрады". Дүйсенбіде еліміздің басым бөлігінде дауылды ескерту жарияланды

Қазақстанда бір күнде 12 орман өрті тіркелді

Елді мекендердің бас жоспарларын бекіту қағидаларына өзгерістер енгізілді