Астанада 76 үйдің құрылысы заңсыз басталып кеткен

Сурет: Zakon.kz
Астанада 76 тұрғын үйдің құрылысы еш құжатсыз, рұқсатсыз басталып кеткен, деп хабарлайды Zakon.kz КТК телеарнасына сілтеме жасап.

Ал әкімдік компаниялардың заңсыз жұмысынтоқтатуға мәжбүр. Өйткені бірде-бір мемлекеттік мекемеден қағаз алмаған мердігерлерге жұмыс істеуге рұқсат жоқ.

Кәсіпкерлер көппәтерлі тұрғын үй кешенін салуға ниеттенген, бірақ сату жұмысын әлі бастап үлгермепті. Бас-көз жоқ құрылыс бастаған компанияларға жұмысын тоқтату туралы нұсқама берілді.

Негізінен 96 нысанның құрылысы құжатсыз басталған екен, бірақ оның 20-ы рұқсат алып, оларға тоқтаған жұмысын жалғастыруға мүмкіндік берілген, қалғаны да осылай жасай алады екен. 

"Кейбіреуі әкімдікке құрылыс бастағаны туралы ескертпеген. Ал көбінің сол жерге, яғни үй салынатын жерді иемдену туралы қағазы жоқ. Мердігер компаниялар осы үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Қазір арнайы комиссия құрылды. Заңсыз жұмыс істеген компаниялардың ісін енді солар қарайтын болады. Ал бұл құрылыстар жаппай сүріледі деген сөз емес. Оларға екінші рет мүмкіндік беріледі".Астана қаласы орта сапасы және бақылау басқармасы басшысының орынбасары Оксана Ибраева
Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Мемлекет басшысы Ербол Хамитовты III дәрежелі "Барыс" орденімен марапаттады

Мемлекет басшысы Ресей Премьер-министрі Михаил Мишустинді қабылдады

Димаш Құдайберген маңызды үндеу жасады

Дабылды ескерту: Қазақстанда найзағай мен дауыл күтілуде

Қасым-Жомарт Тоқаев: Жаңа Конституция – әр азаматқа тең мүмкіндік пен стратегиялық даму кепілі