Шымкентте көрісу күнінде ұрпақтар сабақтастығы ұлықталды

Сурет: Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі
Бүгін шымкенттіктер Әз Наурыздың алғашқы мерекесі - Көрісу күнін атап өтуде. Таңертең Астана алаңынан бастау алған мереке қаланың бірқатар көрікті орындарында, Shymqala этноауылында жалғасты, деп хабарлайды Zakon.kz.

Қыстан көкөрай көктемге аман жеткен жұртшылық Көрісу күнінінің игі дәстүрін жалғап, бір-бірінен саулық сұрасып, төс қағыстырды.


Сурет: Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі


Бұл күні қала әкімі Мұрат Әйтенов шымкенттіктерді Көрісу күнімен құттықтап, Ұлыстың Ұлы күні қарсаңында ұрпақтар сабақтастығын жалғастыру мақсатында қала жастарымен көрісіп, "Белсенді ұзақ өмір орталығындағы" қариялардың амандығын сұрап, батасын алды. Ұлттық киім киіп, домбырасын асынған өнерпаздар ән-жырдан шашу шашып, Көрісу мерекесінің көркін қыздырды. Абыз ақсақалдар мен әжелердің жас буынмен жарқын жүздесуі ұлт болашағы, жастар тәрбиесі, ұлттық құндылықтар турасындағы тағлымды сұқбатқа ұласты.


Сурет: Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі


Күн сайын мұнда 700-ден астам тұрғын 30 шақты қызмет түрін алады. Замана талабына сай жабдықталған орталық бүгінде қариялардың басын қосатын алаңға айналып отыр.


Сурет: Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі


Көрісу – жұртшылықтың бір-біріне амандасып, жақсылық тілейтін қауышу мерекесі ғана емес, жасы үлкендерге ізет көрсетіп, ілтипат білдіретін ізгі амал. Бұл күннің өскелең ұрпақты ізеттілік пен мейірімділікке, татулық пен бауырмалдыққа шақыратын тағылымы мол.


Сурет: Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі


Шымкент
Әйтенов Мұрат

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қасым-Жомарт Тоқаев Түркістан облысындағы қайғылы жағдайға қатысты көңіл айтты

Қасым-Жомарт Тоқаев 2025 жылды Жұмысшы мамандықтары жылы деп жариялады

Түркістан облысында болған өрттен 12 адам қаза тапты

Елордалық фельдшер, марқұм Ұлдана Мырзуан "Ерлігі үшін" медалімен марапатталды

Ақмарал Әлназарова қызмет бабында қаза тапқан Ұлдана Мырзуанның отбасына көңіл айтты